Павлодар облысында «Болашаққа көзқарас: мектепке дейінгі білім беруді дамытудың келешегі» республикалық семинары өтті.
Іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген 200-ден астам қатысушы — педагогтер мен мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар мектепке дейінгі тәрбие жүйесін дамытудың өзекті бағыттарын талқылап, тәжірибе алмасты және Павлодар, Екібастұз бен Ақсу қалаларының балабақшаларының үздік тәжірибелерін ұсынды.