16 қазан күні Павлодар қаласының №29 мектебінде «Білім беру стартаптары: мұғалім идеялар продюсері бола ала ма?» атты облыстық семинар-практикум өтті.

16 қазан күні Павлодар қаласының №29 мектебінде «Білім беру стартаптары: мұғалім идеялар продюсері бола ала ма?» атты облыстық семинар-практикум өтті.
16 қазан күні Павлодар қаласының №29 мектебінде «Білім беру стартаптары: мұғалім идеялар продюсері бола ала ма?» атты облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шараға Павлодар қаласының, облыс аудандары мен Ақсу қаласының 70-тен астам педагогтары мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Қатысушылар білім беру үдерісіне инновацияларды енгізудің заманауи тәсілдерін, педагогтардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту және педагогикалық идеяларды нақты жобалар мен өнімдерге айналдыру мәселелерін талқылады.
 
Семинар бағдарламасына пленарлық баяндамалар мен тәжірибелік сессиялар енгізілді. Педагогтар топпен жұмыс жасап, өздерінің шағын стартаптарын – цифрлық курстарды, авторлық бағдарламаларды және интерактивті оқыту форматтарын әзірледі. Ерекше қызығушылық тудырған тақырыптар: «Мұғалім – жеке бренд ретінде», «Оқу процесінде жасанды интеллектіні қолдану» және «Қарапайым сабақтан стартапқа дейін» болды.
 
Қатысушылардың айтуынша, семинар форматы педагогтың рөлін жаңа қырынан – идеялар мен инновациялар продюсері ретінде қарастыруға мүмкіндік берді. Ең үздік жобалар конкурстарға қатысуға және кәсіби платформаларда жариялануға ұсынылды.
https://youtube.com/shorts/cJAt36aHs-8?feature=share