«Қоғамдық келісім» КММ-нің акт залында Қазақстанның көрнекті композиторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Шәмші салған сырлы ән» вокалдық байқауы өтті

«Қоғамдық келісім» КММ-нің акт залында Қазақстанның көрнекті композиторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Шәмші салған сырлы ән» вокалдық байқауы өтті

«Қоғамдық келісім» КММ-нің акт залында Қазақстанның көрнекті композиторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Шәмші салған сырлы ән» вокалдық байқауы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қ. Даржуман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебі.

Байқауға павлодарлық мектептердің оқушылары өз ұстаздарымен бірге қатысып, дуэт, трио және ансамбль форматтарында жарқын өнер көрсетті.

Бағдарлама үш тақырыптық бағытты қамтыды: патриотизм, романтика және қазақ музыкасының мәңгілік мұрасы. Қатысушылардың өнерін қазылар алқасы вокалдық және сахналық шеберлік бойынша бағалады.

Үздік орындаушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Байқау Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттауға және жастардың музыкалық мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды мәдени шараға айналды.