3 қазан күні Естай атындағы қалалық Мәдениет сарайында Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Педагогтарға арнап құттықтау сөз сөйлеген Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков олардың жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі маңызды рөлін атап өтті.
Кәсіби мереке аясында қаланың ұстаздары мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Алты мұғалім «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісіне ие болса, бір педагог «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, бір білім қызметкеріне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы табыс етіліп, тағы төрт педагог Қазақстан Республикасының Оқу -ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік бағдарламаны мектеп оқушылары мен қаланың шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетуі айшықтады.
https://youtube.com/shorts/vEXqvo46cGk?feature=share