Павлодар қаласындағы №6 мектептің 3 «В» сынып оқушылары — Сафия Аспанова мен Таисия Коростелева «Пластикті алмастыр» атты акция өткізді. Олар қала көшелерінде, балалар алаңында және сауда үйінде тұрғындарға микропластиктің зияны туралы айтып, пластикалық бөтелкелерді пайдалы сыйлықтарға айырбастауды ұсынды.
Бұл бастама олардың зерттеу жобасының бір бөлігі болды. Жоба аясында қыздар тәжірибелер жүргізіп, макеттер жасап, пластиктің қоршаған ортаға әсері жөнінде қорытынды шығарды. Жас экоактивистердің сенімі бойынша, табиғатты қорғау қарапайым қадамдардан басталады.