Павлодар қаласының №50 балабақшасында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды: терезе блоктары ауыстырылып, жаңа кіреберіс есіктер орнатылды. Жөндеу жұмыстары «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» концернінің демеушілік көмегі есебінен, бас директор Владимир Викторович Дудиннің қолдауымен жүргізілді.
Балабақша меңгерушісі Алтын Асхатовна Омарованың айтуынша, жөндеу толық көлемде және сметалық құжаттамаға сәйкес орындалған. «Енді біздің балабақшамыз жарық, жылы әрі жайлы болады. Барлық ұжым мен ата-аналар атынан концернге алғысымызды білдіреміз», — деп атап өтті ол.