Президент Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары болған оқушыларды марапаттады

Президент Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары болған оқушыларды марапаттады

Халықаралық дәрежеде ел намысын қорғаған жас ұрпағымыз, топ жарып, Президент қолынан тікелей марапатталып, ел мақтанышына айналды. Бұл білімге деген талпыныс, қажырлы еңбек пен табандылықтың арқасы. Сондай-ақ олардың ел болашағына зор үлес қосатынына күмән жоқ.

Шәкірттердің жетістігіне жол ашқан білікті ұстаздардың еңбегі ерекше екені сөзсіз. Сонымен қатар, білімді әрі тәрбиелі ұрпақ өсірген ата-аналардың үлесі зор.

Қазақстандық жастар спорт пен өнер саласында ғана емес, білім бәйгесінде де жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ел абыройын асқақтатып келеді.