Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2025 жылғы 8-25 шілде аралығында «Үздік педагог» атағын беру республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізді.
Комиссия шешімінің қорытындысы бойынша, 11 қатысушының ішінен 80 пайыздан жоғары ұпай жинаған мына қатысушылар қалалық кезеңнің жеңімпаздары атанды:
- Аринова Динара Холдаровна – Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиет мұғалімі;
- Никитина Елена Сергеевна – С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
- Камашева Нагима Аманбековна - Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
- Кульжанов Гамал Каиргельдинович - Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінің тарих мұғалімі.
Қалалық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.