Әрбір баланың жаңа оқу жылын қуанышпен, сеніммен бастауға құқығы бар. Алайда, өкінішке қарай, кейбір отбасылар үшін бұл оңай емес.
🧒 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Павлодар қаласында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде.
👫 Акцияның мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға мектепке дайындалуға көмектесу.
📞 Қаладағы барлық білім беру ұйымдарында жедел әрекет ету үшін «жедел желілер» мен «сенім телефондары» жұмыс істейді. Көмек көрсетемін деуші кез келген азамат білім бөліміне немесе тікелей мектепке жүгіне алады.
❤️ Бір баланың арманы Сіздің мейіріміңізден басталады. Қолдау көрсетіңіз, бірге жақсылық жасайық!
✍️ Сұрақтар бойынша Павлодар қаласының білім бөліміне 8 (7182) 30-14-97 нөмірі арқылы хабарласыңыз.
📚 Жақсылық жасауға себеп көп. «Мектепке жол» — бірге бастайық!