Павлодар қаласындағы Ауэзов мектебінде жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталады

Павлодар қаласындағы Ауэзов мектебінде жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталады

Павлодар қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектепте жаңа оқу жылына дейін оқушылар жаңартылған әрі жайлы мектепке оралуы үшін күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Асхана, гардероб және музыка кабинетінде жөндеу жұмыстары аяқталуға таяп қалса, ал акт залының жөндеу жұмыстары толық мәресіне жетті. Бірінші қабатта терезелер мен есіктерді ауыстыру, сондай-ақ кіреберіс аймақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Жөндеу маусым айында басталып, шілде айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.