Қала оқушыларының футбол турнирі

Қала оқушыларының футбол турнирі

«Балаларға - жарқын жаз - 2025» қалалық бағдарламасы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы оқушылардың жазғы демалысы аясында «Әр қадаммен: өзіңе апарар жол» атты мини-футбол турнирі өткізілді.

Жарысқа Павлодар қаласының № 2, 5, 6, 11, 14, 15, 18, 24, 25, 26, 27, 30, 31, 35, 36, 38, 39, 41, 43, 46, Малайсары батыр атындағы мектеп, Ш. Шокин атындағы мектеп-гимназия, М. Әлімбаев атындағы, М. Жүсіп атындағы, Ә. Бөкейхан атындағы, С. Торайғыров атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, М. Әуезов атындағы, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл мектебі 5 - 6 сынып 248 оқушылары қатысты.

Финалға 12 команда № 11, 14, 18, 24, 25, 35, 39, М. Жүсіп, Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Кенжекөл мектебі шықты. Финал ойындар қорытындысы бойынша І орын № 11, 14, 25 мектептері, Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей командалары иеленді.

         ІІ орынды № 5, 35 мектептері, М. Жүсіп атындағы мектеп пен Кенжекөл мектебінің командалары жеңіп алды.

ІІІ орынды № 18, 24, 39, А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп командаларына алды.

«Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Сабит Расул, М. Жүсіп атындағы мектеп оқушысы, Төлеген Мансұр, Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей оқушысы, Отепов Айдос, № 25 мектеп оқушысы, Редько Богдан, А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп оқушысы танылды.

         «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша Лобода Никита, № 5 мектеп оқушысы, Арыков Әбіл Мансур, № 18 мектеп оқушысы, Ануарбек Асанәлі, № 39 мектеп оқушысы, Ермеков Әмірхан, Кенжекөл мектебінің оқушысы марапатталды.

         «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Никонов Владимир, № 11 мектеп оқушысы, Алиманов Әли, № 14 мектеп оқушысы, Сұлтанов Әділ, № 24 мектеп оқушысы, Сенбек Әділхан, № 35 мектеп оқушысы деп танылды.

Жеңімпаздар кубоктармен, жүлдегерлер мен номинанттар - «Павлодар дарыны» орталығының дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.