Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер күні

Павлодар қаласының білім беру ұйымдары мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шараларды өткізуде.

Балалар мен жасөспірімдерде патриотизм мен толеранттылықты қалыптастыру, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру, туған өлкеге деген қызығушылығын көрсету мақсатында мектеп жанындағы лагерьлердің 600-ден астам оқушысының қатысуымен «Мен елімді сүйемін» интеллектуалды квиз-тест өткізілді. Мереке қарсаңында № 24, 25, 41 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары «Менің туым - менің мақтанышым!» ауқымды флешмобқа белсенді қатысты. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының тәрбиеленушілері, мектеп жанындағы лагерьлердің оқушылары «Терезедегі Ту» акциясына қатысты, онда әрбір бала туды салып, оны ғимарат терезесіне орнатты.

Мереке қарсаңында қосымша білім беру ұйымдарында мектеп жанындағы лагерь оқушыларының, шағын аудан балаларының қатысуымен іс-шаралар өтті. Сонымен, балалар экология және туризм орталығының базасында 3 маусымда 200-ден астам баланың қатысуымен «Еліміздің туы»  шеберлік сағаты өтті. Балалар техникалық мектебінің тәрбиеленушілері «Көгілдір ту» шеберлік сағатын өткізді, Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебінде «Мен әнұран айтамын» флешмоб-акциясы өтті. Балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілері 4 маусымда «Көк байрағымның астында» суреттер көрмесін ұйымдастырды.

Бүгін мектеп жанындағы лагерьлерде «Желбірейбер, көк туым» акциясы өткізілді, онда мектеп жанындағы лагерь оқушылары бір мезгілде мемлекеттік әнұранды орындады.