Мерейтойлық медальмен марапатталды

Мерейтойлық медальмен марапатталды

Біздің тарихымызда жанға өшпестей жара салған қасіретті жылдар бар. 

 

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы қара шаңырақтың қайғысына айналып, көк аспанды әп-сәтте қара түнекке алмастырды.

 

Баянауыл ауданынан 3154 адам әскер қатарына шақыртылды. Қан майданда ер адамдар азаттық үшін күрессе, елде қалған аналар мен балалар тылда еңбек етті.

 

Тылдағы жанкешті еңбектің ұрыс даласындағы батырлар үшін рух бергені рас. 

 

Бүгінгі күні ауданда 53 тыл ардагері бар. Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі қарсаңында кешегі ерен еңбектері үшін ардагерлерді “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл” мерекелік медалімен марапатталды. 

 

Сұм соғыс жүректерін сыздатқан ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер енді соғыс болмасын деп ақ баталарын берді.