Ассамблеяға – 30 жыл

Ассамблеяға – 30 жыл

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл. Осы 30 жыл ішінде бірліктің символына айналған ұйымның, оның ішінде баянауылдық өкілдердің ел дамуына қосқан үлесі зор.

 

Бірлік күні, келісім мерекесі қарсаңында аудан әкімі А. Ксентаев ауданды мекен еткен сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерімен кездесті. 

 

Мейрам күні әр салада жемісті еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, аудан мерейін өсіріп жүрген бірқатар азаматтарды “Баянауыл ауданына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен, Алғыс хаттармен марапаттады. 

 

Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді бұдан да жарқын, баянды болашақ күтіп тұр.

 

Халықтар достығы мен бірлігі одан әрі жалғасып, егемен еліміздегі татулық әрдайым берік болсын!