Шанхай ықшам ауданының халқымен кездесті

Шанхай ықшам ауданының халқымен кездесті

Бүгін аудан әкімі А. Ксентаев Майқайың кентінде “Майқайың алтын” АҚ-ның санитарлық қорғау аймағында орналасқан Шанхай ықшам ауданының тұрғындары мен үй мәселесі бойынша кездесті. 

Кездесуге “Алтыналмас” АҚ-ның өкілдері және “Майқайың алтын” АҚ-ның басшысы Даниял Болатұлы Набиев бірге қатысты.

Жиында тұрғындардың негізгі мәселесі төңірегінде ұсыныс-талаптары тыңдалды.

Тұрғындардың ұсыныстары негізінде әлеуметтік жауапкершілік есебінен “Майқайың алтын” АҚ жұмыс жүргізуге дайын екенін жеткізді. 

Осы мәселенің қорытындысы бойынша баспана иелерімен тағы да кездесу өтеді.