«Таза Қазақстан»

 «Таза Қазақстан»

“Таза Қазақстан” акциясы аясында жаппай сенбілікке шықтық. 

Үлкен-кіші бірдей шығып, мансабы мен жасына қарамай аула, көше тазалығына кірісті. 

Бүгін бір кісідей атсалысып, өлкеміздің тазалығына жұмыла кіріскендеріңіз үшін алғыс білдіремін!

Ауыл халқы, мекеме қызметкерлері, әрбір көше тұрғыны, отбасымен бірлесе жүріп сенбілікке шыққан баршаңыздың көмегіңізбен аудан ажары айшықтала түсті. 

Туған жерге, өзіміздің өңірге деген шынайы сүйіспеншілік пен аса жоғары құрмет үшін баршаңызға алғысымды білдіремін. 

Сұлу өлкеміз қашанда ажарланып, жарқырай берсін!