12 сәуір - Қазақ елі үшін айрықша күн. Қазақ ғылымының бастауында тұрған Қазақ ғылым академиясының негізін қалаған ұлт перзенті Қаныш Сәтбаевтың туған күні.
Айтулы күнге орай «Қазақ ғылымының күні» деп белгіленуінің өзінде үлкен сабақтастық, үндестік жатыр.
Туған халқының қазынасына құрметпен қараған Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып тағзым еттік.
«Халқым – менен де биік» деп ұлтына қалтқысыз қызмет етіп, өшпес өнегесін көрсеткен Қаныштай ғұламаның болуы біз үшін үлкен мақтаныш.