17 наурыз – Шаңырақ күні

17 наурыз – Шаңырақ күні

Наурыз мейрамы бүгінде жаңаша сипат алып, “Наурызнама” онкүндігі қалыптасқан.

14 наурыз - көрісу күнінен басталатын мерекеде әр күн ұлттық құндылықты дәріптейді.

Бүгін, 17 наурыз – Шаңырақ күні. Осы күні отбасылық құндылықтарымызды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді.

Халқымыздың мағыналы дәстүрінің бірі - тұсау кесу. Наурызнама мерекесіне сәйкес, аудан әкімі А. Ксентаев қаз-қаз қадам басқан бүлдіршіннің тұсауын кесті.

Алдына ақ жол төселіп, ала жіппен тұсауы кесілген сәбиге ақ тілектер айтылып, бата берілді.

Тұсау кесердің тәлімі мен тағылымы ерекше. Қадамын нық бассын, бөтеннің ала жібін аттамайтын арлы болсын деген өнеге жатыр.

Қазақстанның бай тарихы мен дәстүрін кеңінен насихаттауға негіз болған Наурызнама онкүндігінде ертең Ұлттық киім күні.