Көктемгі су басу қаупін сейілту - күн тәртібіндегі негізгі мәселе. Бұл бағытта жұмыстар қатаң бақылауда.
Осы күндері тоқтаусыз қар жауып, ауданның шығыс және батыс өңіріне қалың қар түсті. Аудан әкімі А. Ксентаев осы бағытта арнайы жолға шығып, жағдайды бақылады. Жылқы тебіндігінің ахуалы жайлы жылқышылармен сөйлесіп, жайылым мәселесіне көңіл аударды.
Сонымен қатар, су басу қаупі жоғары Сәтбаев, Құндыкөл, Ақсаң ауылдық округтеріне барып, жолдардың қазіргі ахуалымен танысты.
Аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне су өткізгіш құбырларды қардан тазалап, су басу қаупі бар көшелерден қарды шығару жұмыстарын жедел атқаруды тапсырды.
Сонымен қатар, Сәтбаев ауылындағы Ақжар, Қаратоқа су бөгеттері төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен қатаң бақылауда.
Су тасқынының алдын алу үшін 6 наурыздан бастап арнайы жабдықталған 8 адам кезекшілік етуде.
Аудандағы су тасқынының алдын алу жұмыстарының барысы бақылауда.