Су басу қаупінің алдын алу жұмыстары пысықталды

Су басу қаупінің алдын алу жұмыстары пысықталды

Соңғы күндері қалың қар жауса, алдағы уақытта ауа-райының болжамы бойынша ауа температурасы көтеріледі.

Күннің күрт жылынуы ертеңгі күні үлкен апатқа әкелуі мүмкін. Сол себепті, көктемгі су басу қаупінің алдын алу жұмыстары жіті назарда.

Аудан әкімі А. Ксентаев барлық ауылдық округ әкімдері мен ауыл ветеринарларымен жиын өткізді.

Қалың қарда мал жайылымын ұйымдастыру, тебіндеп жайылудағы мәселелер қаралды.

Барлық ауылдық округ әкімдеріне жолдар мен суағарларды қардан тазалауда аса жауапкершілік таныту тапсырылды.