Инвестициялық жобалар қаралды

Инвестициялық жобалар қаралды

Баянауыл ауданының әкімі А. Ксентаевтың төрағалығымен ауданында 2024-2026 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша инвестициялық штаб отырысы өтті.

Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары мен аудан прокуроры, бөлім басшылары, ауылдық әкімдер, кәсіпкерлер қатысты.

Инвестициялық жобалар және олардың жүргізілу барысы тыңдалып, түйткілді мәселелер қаралды.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласы бойынша биылғы жылы 1 жоба жүзеге асырылады. Жоба бойынша 5 адам жұмыспен қамтылады.

Ал, 2024-2025 жылдарға 2 жоба жоспарланған. Мұндағы инвестиция көлемі - 450,0 млн. теңге.

Туризм саласында да инвестициялық жобалар бар. Әсем табиғатымен көпшілікті баурайтын демалыс аймағында демалыс үйлері мен тамақтану орындары пайда болмақ. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жиын барысында аудан әкімі құзырлы бөлім басшыларына заңнамаға сәйкес, инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында тиісті жұмыстарды жүйелі жүргізуді тапсырды.