Аудан әкімінің үндеуі

Аудан әкімінің үндеуі
Құрметті баянауылдықтар! Қадірлі жерлестер!
 
Тазалық - денсаулық кепілі. Өңір тазалығы, өлкенің ажары бәріміз үшін аса маңызды. 
 
Ел Президентінің бастамасымен “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы бастау алды. 
Акция аясында әр сенбі “Таза өлке”, “Киелі мекен”, “Жасыл аймақ”, “Өнегелі ұрпақ” және “Мөлдір бұлақ” тақырыптарында сенбіліктер ұйымдастырылуы міндет.
 
Қалың қардың еріп, жадырап көктем шығуымен қатар, күл-қоқыс та қылаң беруде. Бір ғана әкімшілік тарапынан емес, тазалық жұмыстары жан-жақты жүргізілсе, нәтижелі болмақ. 
 
Әрбір тұрғынды, әрбір жанашыр азаматты экологиялық акцияға қатысуға шақырамын!
 
Бірлігіміз бен ұйымшылдығымызды танытып, тазалыққа бірге атсалысайық.
 
Өңір тазалығына барлығымыз бірдей жауапты екенімізді естен шығармайық!