Бүгінгі күннің өзекті сауалдары

Бүгінгі күннің өзекті сауалдары

Баянауыл ауданының әкімі А. Ксентаев Майқайың кенті және ауылдық округ әкімдерінің, құрылымдық және аумақтық мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен аппараттық мәжіліс өткізді. 

 

Ауданның коммуналдық мүлігін басқару, жылжымалы және жылжымайтын мүліктердің мақсатты қолданылуы жайлы баяндалды. 

 

Ауданда ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздік және мал егу жұмыстарының барысы да күн тәртібінде қаралды. 

 

Әр аптаның жұма күндері өткізілетін жәрмеңкеде шаруа қожалықтардан сатылымға келген малдарға анықтама беріліп, сараптама орталығынан өтуін қадағалау тапсырылды. 

 

Одан бөлек, аудан әкімі Майқайың кенті және ауылдық округ әкімдеріне ветеринария бөлімімен бірлесіп, далада жатқан мал өлекселерін жинақтап, оларды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді қатаң тапсырды. Себебі, бұл ең әуелі адам денсаулығына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, бейімделген мал қорымдарын жасап, қоршау жұмыстарын жүргізу тапсырылды. 

 

Жиында қаралған 3-сұрақ - 1, 7, 9 мамыр күнін мерекелеуге дайындық барысы. Мерекелік іс-шараларды жоғарғы деңгейде ұйымдастырып, жауапты бөлім басшылары, Майқайың кенті және ауылдық округ әкімдеріне қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауда ұстау ескертілді.