Ата кәсіпті дамытқан сала

Ата кәсіпті дамытқан сала

Бүгін ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күні мерекесі салтанатты түрде тойланды.

Мерекелік жиында саланың жеткен жетістіктері айтылып, өңірдің даму көрсеткіші баяндалды.

Ата кәсіпті жандандырып жүрген бірқатар азаматтар марапат биігінен көрінді. Атап айтсақ, Бағдат Әбенов пен Ақбота Жетпісбаевқа Қазақстан Республикасы "Ауыл шаруашылығы ардагерлер Кеңесі" қоғамдық бірлестігінің "Құрметті ардагер" куәлігі табысталды.

Темірболат Төлегенов ІІ дәрежелі, Ерлан Нығметжанов ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ, ауылшаруашылығы саласындағы елеулі жетістіктері үшін шаруа қожалық басшылары мен ветеринарлар, сала мамандары облыс, аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттармен марапатталды.