Ауданымыздағы карантиндік арамшөптердің зияндылығы және таралған аумақтар туралы

Ауданымыздағы карантиндік арамшөптердің зияндылығы және таралған аумақтар туралы

Карантиндік арамшөптер – белгілі бір өңірде жоқ және аз таралған, бірақ өте тез таралуға бейім келетін арамшөптердің аса зиянды түрлері.

Біздің ауданымызда екі карантиндік арамшөп таралған, олар – жатаған укекре  және арамсояу.Жатаған укекре – гүлділер тұқымына жататын атпатамырлы көпжылдық арамшөп.Өміршеңдігі өте жоғары болғандықтан аса қауіпті арамшөптер қатарына жатады.Тамыр жүйесі өте қуатты және күрделі болады.Тіке кететін тамыры 3-8 м тереңдікке дейін жетіп, жер асты суларынан нәр алатын мүмкіндігі бар.Осының арқасында шөлге өте төзімді.Олар тұқымдары арқылы және тамыр өскіндерімен көбейе алады. Жатаған укекіренің қауыптілігі өнім көлемін төмендетуінде ғана емес өнімнің сапалық қасиеттерінде төмендетуінде сонымен қатар  өз тұқымынан және тамыр жүйесінен улы заттарды бөлу арқылы аллелопаттық әсер етеді.Арамшөп үй және түз жануарларына, соның ішінде жылқы малына өте зиянды.

Арамсояу – шырмауық туыстарына жататын паразиттік арамшөп.Өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігіне зиян жасайды.Арамсояу мәдени дақылдардағы зат алмасуды бұзады.Негізінен тұқым арқылы көбееді, үзіліп түскен сабақтарымен де көбейе алады.Қазақстанның барлық облыстарында көп тараған түрі – далалық арамсояу.Оның улылығы гүлдеген,тұқым пайда болған кезде күшейеді.Осы кезде арамсояуда алколоид-кускутин және глюкозид, конвольвулин көптеп жинақталады.Арамсояу араласқан мал азығы шіри бастайды, сонымен қатар жануарларды ауруға шалдықтырады.

Аудан бойынша биылғы жылы Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының қорытынды мәліметі бойынша ауданымызда карантиндік арам шөп санатына  жататын жатаған укекіремен (горчак ползучий, розовый) залалданған алқап 1155 гектарды құрайды, өңдеуге жататын – 76,5 га, (оның ішінде 45,5 га мемлекеттік қор жері, 29 га АШТӨ жерлері және 2 га «Қазақавтожол» ЖШС –не тиесілі жерлер) арам сояу (повилика) – 2 гектарға («Қазақавтожол» ЖШС –не тиесілі жерлер) таралғандығы анықталды. Биылғы жылы ауданымыздың Бірлік ауылдық округіне қарасты «Зеңгі Баба» және «Береке» шаруа қожалықтары жерлерінде карантиндік арам шөп санатына  жататын жатаған укекіренің (өңдеуге жататын 10,5 га) жаңа ошақтары анықталды.Демек жатаған укекреге қарсы химиялық оңдеуге жататын залал ошағы былтырғы жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға көбейгенін байқаймыз.Ендігі уақытта Павлодар облысы әкімінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі №101/2 Павлодар облысының аумағында жатаған укекре таралған алаңдар көлеміне карантиндік режим енгізу  туралы қаулысына өзгертулер енгізіліп жоғарыда көрсетілген шаруа қожалық жерлері карантинді аймаққа (режим) кіргізілетін болады.Ал енді карантиндік режим ұғымын  түсіндіретін болсақ ол - карантинді объектінің таралу ошағын жоюға, карантинді объектінің таралуына жол бермеу мақсатында шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және карантинді аймақ аумағынан карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауды (өткізуді) тоқтата тұруға бағытталған өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды міндетті түрде жүргізуді көздейтін құқықтық режим болып табылады.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» №344-1 Заңының 18 бабының  1 және 2 тармақтарына  енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес: «Мемлекеттік қор жерлерінде орналасқан карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, ал жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе  жер пайдалануындағы объектілер мен жер учаскелерінде карантиндік арамшөптердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi іс-шараларды ұйымдастыру жеке және заңды тұлғалардың өз қаражаты  есебінен жүргізіледі» -деп көрсетілген. 

2023 жылы мемлекеттік қор жерлерінде (45,5 гектар) бюджет қаражаты қарастырылмағандықтан химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

Иелігіндегі жерлері жатаған укекіремен залалданған  11 ауыл шаруашылық құрылымдарында барлығы 29  гектарға  жатаған укекіреге қарсы  өңдеу жүргізілді. Аталмыш шаруа қожалығының басшыларына жатаған укекіреге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы жүргізу туралы нұсқамалар берілген. АШТӨ-нен  «Құжат» ШҚ 0,5 гектарға, «Арман» ШҚ  1 гектарға, «Қайдар» ШҚ  2  гектарға, «Мәди» ШҚ 0,5 гектарға, «Атамура» ШҚ 3 гектарға «Қуаныш» ШҚ 0,5 гектарға,  «Қасымхан» ШҚ  0,5 гектарға, «Қызыр Көкдомбақ» ЖШС барлығы 8,5 га-ға өз қаражаттарымен  химиялық өңдеу жүргізді. «Зеңгі Баба» ШҚ 0,5 гектарға, «Олжа» ШҚ 10 гектарға, «Береке» ШҚ 10 гектарға өз қаражаттары есебінен шалғымен шауып жою жұмыстарын жүргізді. «Қазақавтожол» ЖШС-не тиесілі жерлерде таралған карантинді арамшөп жатаған укекіре мен арам сояу шалғымен шауып, автогрейдермен тамырларын кесу арқылы жойылды.

Егер де өсімдік карантині жөніндегі инспектордың карантинді арамшөпті жою туралы берген нұсқамасы уақытылы орындалмаған жағдайда  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабы  бойынша  өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органмен жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік жаза қолданылатындығын ескертеміз.

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясына Жарылғапберді 12 «а» мекен-жайына тікелей келіп немесе  9-10-15 телефоны мен  akbotin.a@minagri.gov.kz  эл.поштасына  хабарласуға болады.

Баянауыл ААИ-ның бас маманы-өсімдіктер

карантині жөніндегі инспекторы                                             А.Ақботин