
«Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ-нің қолдауымен «Kaisar-KZ» ҚБ ұйымдастыруымен Баянауыл ауданында тұрғындардың электоралдық белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту семинары өтті.
Семинар барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы түсіндірілді.
Аталмыш шараға аудандық сайлау комиссиясының мүшелері, тәуелсіз бақылаушылар қатысты.