Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - басты міндетіміз!

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу -  басты міндетіміз!

Сыбайлас жемқорлық ол  мемлекеттік құрылымның, билік институттарының және азаматтық қоғамның кез келген моделінің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтін  басты фактор болып табылады.Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еркін және дамыған елде өмір сүруге ұмтылатын әрбір адам үшін ортақ міндет болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің басты ұстанымы бұл  саналы түрде адамгершілік қасиетімен, парасаттылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты қалыптастыру арқылы жемқорлық іс-әрекеттерді болдырмау болып табылады.

Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясында қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, жемқорлыққа төзімсіздік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында қызметтік әдепті сақтауға бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. Мекемеде орналасқан тақтада  өсімдік карантині, өсімдіктерді қорғау тақырыбында қажетті ақпараттар және мемлекеттік мекемеде берілетін мемлекеттік қызметтердің берілу тәртібі туралы ақпараттар орналастырылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің біріңғай ccall-орталығының (1424) нөмірі көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта ақпараттық-түсіндіру материалдары орналастырылған.  Өсімдіктерді қорғау, өсімдік карантині және мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты негізде талдау жүргізіледі. Аудандық газет беттерінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында ақпараттық түсіндіру сипатында мақалалар мен хабарламалар  үнемі жарияланады. Мемлекеттік қызмет көрсету барысы мен заңды және жеке тұлғаларман қарым қатынас барысында мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп Кодексі ережелерін біліп, қатаң сақтау, құқықтық сауаттылықты арттырудың негігізі болып табылады. Жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл  аудандық аумақтық инспекциясы бүгінгі күні «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бектіу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына сәйкес, төрт (4) мемлекеттік қызмет көрсетеді.

1. «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру"

Мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушы (немесе оның өкілі) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат алу үшін өтініш жібереді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы өтініш берген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс сағаты  ішінде, көрсетілетін қызметті берушіге карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі №131  бұйрығымен бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын,

өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш берілген сәттен бастап – 5 жұмыс сағаты ішінде, көрсетілетін қызметті берушіге тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, көкөністер, бақша дақылдары) мәлімделген партиясының карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген  өтініш берілген сәттен бастап – 3 жұмыс сағаты ішінде беріледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:Карантиндік сертификат беру немесе уәжді бас тарту. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – электрондық. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2.«Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру"

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы, «Азаматтарға араналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы немесе мемлекеттік мекемеде өтініш беру  арқылы алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға өтінішті берген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде –
2 (екі) жұмыс күні ішінде, карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға  берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген өтініш көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде беріледі.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:Фитосанитарлық сертификат беру немесе уәжді бас тарту. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

3.«Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу"

Жеке және заңды тұлғалардың  өтініштерін қабылдау www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті алушы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш берген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде беріледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат немесе уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны- электрондық (толық автоматтандырылған). Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

4.Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге  асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру"

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге  асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру туралы өтініш береді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтініш берген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растама немесе уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясына Жарылғапберді 12 «а» мекен-жайына тікелей келіп немесе  9-10-15 телефонына хабарласуға болады.

«ҚР АШМ АӨК МИК Баянауыл ААИ»

ММ-нің бас маманы - өсімдіктер карантині

жөніндегі инспекторы А.Е.Акботин