Еңбек күнi — бұл адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға ынталандыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мереке.
Мұндай мереке әр елде аталып өтедi. Қазақстанда Еңбек күнi қыркүйектiң соңғы жексенбiсiнде аталып өтедi.
Елiмiз азаматтардың еңбекқорлығының арқасында құрылып, дамып келедi.
Ауданымыздың даму жолы еңбек адамдарының қажырлы қызметімен құрылады.
Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын, зор денсаулық, игiлiктi iстерiңiзге шыдамдылық пен табандылық, жаңа еңбек жетiстiктерiн, амандық пен ашық аспан тiлеймiн!
Баянауыл ауданының әкімі А. Ксентаев