Ауыл тойы

Ауыл тойы

Жұмат Шанин ауылында дүбірлі той өтті. Ауылдың 60 жылдық тойында жастар орталығы мен Ақмешіт асханасы салтанатты түрде ашылып, ауыл халқын мереке мен берекеге бөледі.

Жұмат Шанин ауылы – ынтымағы жарасқан, тірлігі тиянақты, бірлігі бекем ауыл. Алақандай ғана ауылдан өңірді ғана емес, елді танытқан ірі тұлғалар шықты. Бұл өлкеде Қошке Кемеңгеров, Сәлемхат Күленов, Мерғалым Қадылбеков, Жұмат Шанин, Қосым Пішенбаев, басқа да дала дарындары дүниеге келді. Талай алыптың ізбасарлары бүгін де арамызда.

Думанды тойда ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтіп, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Ел үшін жасалған игі істерге белсене араласқан ауыл азаматтарына, демеушілерге аудан әкімі үлкен алғысын білдіріп, Жұмат Шанин ауылының тұрғындарын дүбірлі тоймен құттықтады. 

"Қаймағы бұзылмаған құтты мекеннің бірлігі жараса берсін. Көргенге үлгі, естігенге өнеге боларлық берекесі кетпесін!" - деп ізгі тілегін білдірді.