Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Құрметті баянауылдықтар! Құрметті жерлестер!

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Құрметті баянауылдықтар! Құрметті жерлестер!

Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1992 жылдың 4 маусымы – ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күні тағы да елдігіміз сынға түсті. Ертеңіміз үшін жан беріп, жан алысқан парламенттік дода қызу талқыға айналды. 60-тан астам депутат өздерінің пікірлерін білдірді. Нәтижесінде қабылданған қыран бейнелі  Туымыз, басқаға ұқсамайтын шаңырақ шырайлы Елтаңбамыз, Әнұранымыздың әсем әуені мен әдемі мәтіні бекітілді.

Мемлекеттік рәміздер ретінде Ту мен Елтаңба – егемендік және тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгілері. Әнұран – осы ізгі ұғымдардың бірден-бір рухани жаршысы.

Ұлттық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген ыстық ықылас – адамның рухани болмысын айқындайтын асыл ұғым. Ал, Отанға деген сүйіспеншілікті әрбәр жүрекке ұялататын елдің нышандары екені сөзсіз. Олай болса, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш.

Ардақты ағайын! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

А.КСЕНТАЕВ,

Баянауыл ауданының әкімі.