Құрметті Баянауыл ауданының тұрғындары!

Құрметті Баянауыл ауданының тұрғындары!

2023 жылғы 1 маусымнан 2023 жылғы 14 шілдеге дейінгі кезеңде Баянауыл ауданының мынадай мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады:

  1. «Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» ММ.
  2. «Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
  3. «Баянауыл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ.
  4. «Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ.
  5. «Баянауыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ.
  6. «Баянауыл ауданының ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» ММ.
  7. «Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ.
  8. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ.
  9. «Баянауыл ауданы экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ-нің  «Баянауыл - су арнасы» ШЖҚ МКК
  10. «Баянтау» газетінің редакциясы» ЖШС

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мынадай міндеттер бойынша талдау жүргізіледі:

  1. Қызметті қозғайтын қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  2. Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  3. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды анықтау.
  4. Мүдделер қақтығысын реттеуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  5. Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  6. Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  7. Бақылау-тексеру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  8. Бюджет және қаржы қаражатын игеруге және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  9. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  10. Ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  11. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  12. Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.