Сіздерді шұғылалы көктем мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Осы бір тамаша мереке әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің әр саласына белсене араласатын қоғам мүшесі. Баянауылдық нәзікжандылар да түрлі салада жемісті еңбек етіп, елдің дамуына үлестерін қосуда. Ерлермен иық теңестіре, басшылық салада жүрген арулар да қаншама?! Еліміздегі бірліктің, болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да – өздеріңіз.
Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер еш уақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мереке Сіздерге көтеріңкі көңіл-күй сыйласын.
Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді.
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие. Нәзіктік пен дархандықтың көрінісі болып табылатын сіздерге құрметіміз қашанда ерекше.
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре беріңіздер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Аудан әкімі А.КСЕНТАЕВ