Аппараттық мәжілісте қаралды

Аппараттық мәжілісте қаралды

Бүгін ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік мекеме басшыларымен аппараттық мәжіліс өтті.

Жиында көктемгі әскерге шақырту мәселесі көтерілді. Жоспар - 43 адам.

Бүгінгі күні 2 адам әскер қатарына жіберілді.

Аудан әкімі Ардақ Ксентаев ауылдық округ әкімдеріне учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге іздестіру жұмыстарын жүргізіп, науқанды ұйымдастыруды тапсырды.

Аппараттық мәжілісте көктемгі су басу қаупінің алдын алуға қатысты жұмыс барысы да пысықталды.

Жоғарыдағы мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.