Карина - чемпион

Карина - чемпион

Талдықорған қаласында өткен еркін күрестен 15 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз Дьяченко Карина аудан намысын қорғады. 36 келі салмақта өнер көрсеткен батыр қыз ел чемпионы атанды. 

Жаттықтырушысы - Иманбай Қасым Төлегенұлы. Жерлесіміз еркін күрестен Азия чемпионатына жолдама алды. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын болады. Жеңіс құтты болсын!!!