Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Бүгін ауданның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Жиынға Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасының басшысы Назымбек Бекжанов қатысты.

Комиссия отырысында 2 сұрақ қаралды.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындыларын қарастыру жөнінде Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасының басшысы Назымбек Алпысбайұлы  баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе - 2022 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде атқарылған жұмыс туралы Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақытжан Күлжан ақпарат берді.

Комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша құзырлы мекеме басшыларына тапсырма бердім.