Өсімдіктер карантині саласы бойынша көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме

Өсімдіктер карантині саласы бойынша  көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Баянауыл  аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бектіу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығы негізінде  төрт (4) мемлекеттік қызмет көрсетеді.

1.«Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру"

Мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушы (немесе оның өкілі) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат алу үшін өтініш жібереді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы өтініш берген сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаралады. Мемлекеттік қызметті алушы өтінішке карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйінің карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысын  қоса берген жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 4-4/103  «Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнім үшін мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 3 (үш) жұмыс сағатында, ал фитосанитариялық тәуекелі төмен карантинге жатқызылған өнім үшін 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Карантиндік сертификат беру немесе уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2.«Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру"

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы, «Азаматтарға араналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы немесе мемлекеттік мекемеде өтініш беру  арқылы алады. Мемлекеттік қызметті алушы өтінішті мемлекеттік корпорация немесе порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі. Мемлекеттік қызметті алушы өтінішке карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын  өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйінің карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысын  қоса берген жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 4-4/103 «Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнім үшін мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 3 (үш) жұмыс сағатында, ал фитосанитариялық тәуекелі төмен карантинге жатқызылған өнім үшін 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Фитосанитарлық сертификат беру немесе уәжді бас тарту. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

3.«Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу"

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы  ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу үшін өтініш береді. Мемлекеттік қызметті алушы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш берген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: карантиндік объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат немесе уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

4.Астық пен оның өңделген өнімдерін, карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге  асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру"

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге  асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру туралы өтініш береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы  өтініш берген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растама немесе уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Жоғарыдағы баяндалғандардың негізінде сұрақтарыңыз туындаған жағдайда «Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-і  Ж.Жарылғапберді 12А мекен-жайына тікелей келіп немесе 8 (71840) 9-10-15 телефонымен және <tusselbai.m@minagri.gov.kz> электрондық поштасы арқылы түсініктеме алуға болады.

Баянауыл  аудандық аумақтық инспекциясының

бас маманы-өсімдіктер карантині жөніндегі

инспекторының м.а. А.Ақботин