Мәдениет үйі есігін айқара ашты

Мәдениет үйі есігін айқара ашты

«Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 150 орындық Сәтбаев ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден кейін ашылды.

Жөндеу жұмыстарын мердігер «ГрадСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп, ғимаратқа толық күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Мәдениет үйі жаңа орындықтар мен сахна жабдығымен және музыкалық аппаратурамен қамтылды, кабинеттерге жиһаздар алынды. Сонымен қатар, мәдениет үйінің ішінде ауыл кітапханасы да күрделі жөндеуден өткен бөлмелерге орналастырылды.

Ауылдың мәдениетін арттыратын 150 орындық мәдени ошақ 9 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Сәулеті жарасқан ғимараттың ашылуына жиналған халықтың қуаныштарында шек жоқ. Ашылу салтанаты Баянауыл көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.