Аудан прокуроры Б.Қ.Бабаев «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Конституциялық заңының негізгі ережелерін түсіндірді

Аудан прокуроры Б.Қ.Бабаев «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Конституциялық заңының негізгі ережелерін түсіндірді

Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 16 наурыздағы Жолдауында Прокуратура туралы Конституциялық заңды қабылдауды ұсынып, бірінші кезекте «заңдылық» қағидатының рөлін көтеріп, прокурорлардың құқық қорғау қызметін күшейтуге баса назар аударды.

Жаңартылған Конституцияда ағымдағы жылғы 5 маусымда республикалық референдумда мақұлданған түзетулер енгізілгеннен кейін 83-баптың 4-тармағы жаңа редакцияда жазылды.

Енді прокуратура қызметінің құзыреті, ұйымдастырылуы мен тәртібі Конституциялық заңмен айқындалады.

Осы норманы іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 5 қарашада «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды, оны әзірлеуші Бас прокуратура болды.

Прокуратураның жаңа мәртебесі заңдылықты нығайтудың негізгі тетіктерінің бірі - жоғары қадағалаумен байланысты.

Бұл ретте адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау біздің басты міндетіміз болып қала береді.

Прокуратура - заңдылықты сақтаудың пәрменді құралы ретінде республикада жоғары қадағалау функцияларын жүзеге асыратын жалғыз мемлекеттік орган.

Конституциялық заңдағы новеллалардың бірі Бас Прокурорға өтініш беру құқығы берілді:

- Конституциялық Сотқа Конституцияның 72-бабы 4-тармағының тәртібімен Конституция нормаларын түсіндіру, халықаралық шарттар ратификацияланғанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігі және нормативтік құқықтық актілер тұрғысынан;

- Жоғарғы Сотқа азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот практикасы мәселелері бойынша соттарға түсініктеме беру туралы ұсыныспен.

Прокурор тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың дереу күшін жоюды және заңсыз актілерді тоқтата тұруды талап ету құқығын енгізді (10-баптың 1-тармағының (5 тт.).

Конституциялық заңның ережелерімен біртекті мәселелер жүйеленіп, бірыңғай тарауларға біріктірілді.

Конституциялық заң қазір 7 тарауға бөлінген 48 баптан тұрады.

Конституциялық заңда қадағалау нысандары мен құралдарын кеңейтетін нормалар жоқ.

Бұл ретте прокуратура органдарын тексерудің негіздерін айқындайтын норма айтарлықтай өзгерді.

Мысалы, кәмелетке толмаған тұлғалардың құқықтарын қорғау тексеруді тағайындау үшін қосымша негіз болды.

Сондай-ақ, қадағалаудағы субъектілердің тізбесін лауазымды адамдар тарапынан азаматтар мен бизнес субъектілерінің құқықтары мен мүдделеріне қол сұғушылықтар да жоққа шығарылмайтын квазимемлекеттік сектор мекемелері мен субъектілері толықтырды.

Шетелден Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қайтару мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қызметті үйлестіру туралы норма нақтыланды (10-баптың 1-тармағының (28 тт.).

Бас прокуратура өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде) білдіретін болады.

Прокуратура шешімдеріне шағымдану тәртібі қадағалау органынан өтініш берушіге шағымдану құқығын түсіндіре отырып, негізделген және дәлелді жауап беруді талап ететін нормамен толықтырылды.

Сонымен бірге Конституциялық заңда прокуратура органдарының шешімдеріне, актілеріне және лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдарды сотқа дейінгі реттеу тәртібі регламенттелген, оларды қарау қорытындылары бойынша қабылданатын мерзімдер мен шаралар айқындалған.

Атап айтқанда, мұндай шағымдарды тек жоғары тұрған прокурор ғана қарайтын болады, ал олар адамға шешім, акт қабылдау немесе іс-әрекет жасау туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей берілуі тиіс.

Шағымдарды қарау мерзімі 20 жұмыс күнін құрайды, ал оларды қарау нәтижелері прокурордың шешіміне, актісіне және әрекетіне сотқа шағымдану үшін негіз болып табылады.

Бұдан басқа, прокурорлар қарайтын өтініштердің санаттары кеңейтілді. Атап айтқанда, қазір прокуратура органдары келесі өтініштерді қарайды:

- адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, егер ол физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де жағдайларға байланысты өз құқықтарын, кәмелетке толмаған тұлғаларды қорғауды дербес жүзеге асыра алмаса;

- адамның және азаматтың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, егер бұл мүдделерді қорғауды уәкілетті орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе немесе мұндай уәкілетті орган болмаса;

- мемлекеттік органдар, мекемелер, олардың лауазымды тұлғалары тарапынан олардың қызметіне араласу фактілері бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін;

- Республиканың конституциялық құрылысы мен ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қатерді болғызбау мақсатында;

- заңдылықты бұзу фактілері бойынша, оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғады.

Сонымен қатар, Президент пен Бас Прокурор прокуратура органдарына кез келген өтінішті қарауды тапсыруға құқылы, егер олар қажет деп санаса.

Азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау мен қалпына келтірудің қосымша кепілдігі прокурордың (қолданыстағы заңда жоқ) өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қадағалау актілерін енгізу құқығы болды.

Жүктелген функцияларды іске асыру мақсатында прокуратура, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасайтын және оның қызметіне жәрдем көрсететін болады.