Ардагерлер жеңіспен оралды.

Ардагерлер жеңіспен оралды.

16-17 маусым күні Павлодар қаласында облыстық ардагерлер кеңесі қозғалысының 40 жылдығына арналған ардагерлердің ІІ облыстық спартакиадасы өтті.

Оған Баянауыл ауданнының ардагерлер командасы қатысты. Жарыс спорттың 4 түрінен өтті стол теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ және баскетбол (кольцоға лақтыру). Біздің құрамда стол теннисінен Ибраев Байболат және Ахметова Қорлан, тоғызқұмалақтан Тайшабар Шаймардан және Жакупова Шәкәр, шахматтан Сатжанов Тұрсын, кольцоға лақтырудан Омаров Төлеутай және Масакбаева Наталья қатысты. Ардагерлеріміз жақсы нәтиже көрсетті. Омаров Т, Сатжанов Т, Ахметова Қ, Ибраев Б. өз спорт түрлерінен үшінші орынды иеленсе, Ш. Жакупова тоғызқұмалақтан жүлделі екінші орынды иеленді.    

7 спортшы ардагерлердің 5-і Баянауыл ауылынан болса, теннисші Қ. Ахметова Майкаин кентінен, ал тоғызқұмалақшы Ш. Жакупова Бірлік ауылынан.

Жалпы командалық есепте аудан спортшылары 36 ұпаймен жүлделі үшінші орынды иеленді.

ІІ орынды 34 ұпай жинаған Ертіс ауданының спортшылары иеленсе, І орынды 30 ұпаймен Щарбақты ауданының спортшылары иеленді.

Аудандық ардагерлер кеңесі осы спартакиадаға қатысқан барлық ардагер спортшыларымызға алғысымды білдіремін.