«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық іріктеу кезеңі мәресіне жетті

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық іріктеу кезеңі мәресіне жетті

Баянауыл ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Конкурстың мақсаты адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, неке мен отбасының жағымды бейнесін өсіру, отбасы беделін арттыру. Жалпы конкурс өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымдыүлгісін таратуға, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Отбасылардың үздігі ұсынылған фото, видео, презентация, отбасы жетістіктері және қоғамдық өмірдегі белсенділіктері бойынша анықталды.

Комиссияның бағалауы нәтижесінде, ұпай санының басымдығымен Баянауыл ауылдық округінен қатысқан Жармағамбетовтер жанұясы бас жүлдені иеленіп, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік кезеңіне өтті. Жармағамбетовтер отбасы кез-келген адамға көмек қолын созудан тартынбайтын, балаларын сөзбен түзеп емес, көзбен тәрбиелеп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, немерелерге де үлгі болып отырған отбасы. Отбасы мүшелерінің барлығы аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары.