Құндыкөл ауыл тұрғындарымен кездесу

Құндыкөл ауыл тұрғындарымен кездесу

Қазақстан Республикасы Президентінің 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы мен «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында, және қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы ауданның халықын хабардар ету, ауданның атқарушы органдарының ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың екінші тоқсанында халықпен кездесулер басталды. Осындай кездесу Құндыкөл ауылдық мәдениет үйінде өтті.  Құндыкөл ауылдық округі тұрғындарын толғандырып жүрген негізгі әлеуметтік мәселелер, оның ішінде қаңтар айында көтерілген сұрақтардың орындалуы туралы есеп берілді.