Күркелi ауылдық округіндегі кездесу

Күркелi ауылдық округіндегі кездесу

Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні Күркелi ауылдық округінің тұрғындарымен жүздескен аудан әкімі С. Батырғожинов жергілікті халықтың мәселесін жан-жақты пысықтады.

Тұрғындар ауылға жедел жәрдем көлігі қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, ветеринарлық дәрігерлердің жұмысын алға қоюды сұрады. Себебі, ауылда бірнеше малдан бруцеллез ауруы анықталып, тапсыру үшін анықтама алу және мал дәрігерінің келмеуі сынды мәселелер қиындық тудырған.