Бүгін аудан әкімі Қанат Кәрімов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Бүгін аудан әкімі Қанат Кәрімов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарын аудан әкіміне қойып, тұщымды жауап алды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы Алмас Бақпаев кездесуде Теңдік-Қарағанды тас жолының бойында қызмет көрсету сервисін ашу мәселесін көтерді. Аудан әкімі бұл сұрақ төңірегінде аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы М.Қали мен ауданның туризм, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы З.Тәліповке тапсырма беріп, жолдарын қарастыруды айтты.

Баспана мәселесі бойынша келген жалғызбасты ана Майгүл Өміртайдың мәселесі де бір ай ішінде шешімін таппақ.
Сол сияқты, Ұзынбұлақ ауылынан сауал қойған көпбалалы отбасылардың үй мәселесі алдағы уақытта қарастырылады.
Қабылдау барысында ІІІ топ мүгедеші Елена Файзулова қатты отынмен қамтамасыз етуін сұраса, жеке кәсіпкер Айым Елікбаева Майқайың кентіндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жертөлесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде сауал көтерді.

Аудан әкімінің қабылдауында қаралған мәселелер жақын арада шешімін тауып, жолдары қарастырылады.