Бағаларды бақылау үшін сауда нысандарына барды

Бағаларды бақылау үшін сауда нысандарына барды

Бүгін облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу мақсатында сауда нысандарына бардық.

Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы рұқсат етілген шектікте және өсуге жол берілген жоқ. 7 дүкенде тұрақтандыру қорының өнімдері сатылады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағаларының мониторингі тұрақты негізде жүргізілетін болады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өсу мәселесі аудан басшылығының жеке бақылауында.