Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

 Құрметті әлеуетті сауда-саттық қатысушылары! «Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2022 жылғы 3 ақпан сағат 10:00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды. 

Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» № 920 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша, оның ішінде электрондық түрде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 290 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, ол аяқталғаннан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.  

Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail).

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысу өтінімін тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілімнің веб-порталымен өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақытында сату объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен басталады.

Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді,      оған сатушы мен жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша сату объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

Сатып алу-сату шарты немесе жалға алу шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде аспайтын мерзімде қол қояды.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:

       Төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН: 050540004455; СТК: 171; Кбе: 16.

       «Қазақстан Халық банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК:HSBKKZKX.

       НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда жеңімпазға кепілдік жарна қайтарылмайды.

       Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар бірыңғай операторға аукцион қатысушысынан тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтарылады.

Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционға келесі сату объектілері қойылады:

Р/с

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің

мақсатты нысаны

Жеручаскесініңкөлемі, га

Иеліктеншығарылатынқұқықтүрі

(жеручаскесінменшікқұқығынемесежалғаалуқұқығы)

Жеручаскесінебарлықауыртпалықтардың (шектеулердің) тізбесі

Жалдау ақысының сомасы, теңге

Сауда-саттықты  өткізу тәсілі  мен әдісі

Бастапқыбағасы,

(теңге)

Кепілдік  жарнаның сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

9

1

Баянауыл ауданы,

Жанажол ауылы

Жүн өндеу цехы құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін

0,5

Уақытша өтеусіз

жер пайдалану құқығы

3 (үш) жылға

жоқ

2880

Электрондық аукцион

 

бағаның өсуіне қарай

44 850

153 150

2

Баянауыл ауданы,Сәтбаев ауылы,Мұса Шорман ауылы

Жол бойындағы сервистін құрылысы және қызмет көрсету үшін

0,10

Уақытша өтеусіз

жер пайдалану құқығы

3 (үш) жылға

жоқ

576

Электрондық аукцион

 

бағаның өсуіне қарай

4 320

153 150

3

Баянауыл ауданы

,Майқайың кенті

Асхана,жанармай құю бекеті,қонақ үй,дөнгелек жөндеу шеберханасын,көлік жуу құрылысы үшін

1,5

Уақытша өтеусіз

жер пайдалану құқығы

3 (үш) жылға

жоқ

17208

Электрондық аукцион

 

бағаның өсуіне қарай

453 600

153 150

4

Баянауыл ауданы,Шонай ауылы

Дүкен құрылысы мен қызмет көрсеті үшін

0,04

Уақытша өтеусіз

жер пайдалану құқығы

3 (үш) жылға

жоқ

230

Электрондық аукцион

 

бағаның өсуіне қарай

13 392

153150

5

Баянауыл ауданы,Бірлік ауылы

Монша құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін

0,08

Уақытша өтеусіз

жер пайдалану құқығы

3 (үш) жылға

жоқ

461

Электрондық аукцион

 

бағаның өсуіне қарай

8 640

153150

6

Баянауыл ауданы,

Торайғыр ауылы

Этно ауыл,қонақ үй мен балалар алаңың құрылысы үшін

0,10

Уақытша өтеусіз

жер пайдалану құқығы

3 (үш) жылға

жоқ

576

Электрондық аукцион

 

бағаның өсуіне қарай

7800

153150

7

Баянауыл ауданы

Баянауыл ауылы

Шатырлы лагерь мен демалыс орталығын орналастыру мен қызмет көрсету үшін

1,2

Уақытша өтеусіз

жер пайдалану құқығы

3 (үш) жылға

жоқ

6912

Электрондық аукцион

 

бағаның өсуіне қарай

334 800

153150

8

Баянауыл ауданы,Бірлік ауылы

Дүкен құрылысы мен қызмет көрсеті үшін

0,10

Уақытша өтеусіз

жер пайдалану құқығы

3 (үш) жылға

жоқ

576

Электрондық аукцион

 

бағаның өсуіне қарай

10 800

153150

9

Баянауыл ауданы,

Торайғыр ауылы

Саумал және иппотерапиямен емдейтін санаторий құрылысын жүргізу мен қызмет көрсету үшін

2,4015

Уақытша өтеусіз

жер пайдалану құқығы

3 (үш) жылға

жоқ

13833

Электрондық аукцион

 

бағаның өсуіне қарай

187317

153150

10

Баянауыл ауданы,

Торайғыр ауылы

Саумал және иппотерапиямен емдейтін санаторий құрылысын жүргізу мен қызмет көрсету үшін

1,5985

Уақытша өтеусіз

жер пайдалану құқығы

3 (үш) жылға

жоқ

9207

Электрондық аукцион

 

бағаның өсуіне қарай

211961

153 150

Ұйымдастырушы: «Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ

Ақпарат үшін телефон: 8 71840 9-13-43