Бүгін менің қатысуыммен Қ. Сәтбаев атындағы музейінде жиын өтті. Ауданымызға «Сарыарқа самалы» және «Звезда прииртышья» газеттерінің тілшілері және «Ертіс Медиа» ЖШС газетке жазылу және менеджмент бөлімінің меңгерушісі іс-сапармен келді. Жиынға ауылдық округтердің әкімдері, жеке кәсiпкерлер,шаруа қожалықтары басшылары қатысты.Жиында газетке жазылу науқаны бойынша үгіт насихат жүргізіліп,шаруашылық жұмыстарын көптеп көрсету бойынша келісім жасалды.