Жаңатлек ауылына жұмыс сапары

Жаңатлек ауылына жұмыс сапары

Бүгін жұмыс сапарымен Жаңатілек ауылына бардым.
Сапар барысында ауылдағы игілікті істің жүзеге асырылып жатқанына куә болдым.

Ауыл тұрғындарының көп жылдан бергі тілегі ауыларалық жолдың жөнделіп, асфальт төселуі еді.
Жол – ауылдың күретамыры дейді.

Биыл Қарашат-Жаңатілек бағытындағы 32 шақырымдық жолға асфальт төсеу жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта аталған жолдың 2 шақырымына асфальт төселді.
Жұмысты жүргізуші – «Аза» ЖШС.
Жұмыс келесі жылы жалғасатын болады.

Әлия ЕРМЕКОВА,

аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.