Туристік бағыт

Туристік бағыт

Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов «Мұса Шорман кесенесі – Қ.Сәтбаевтың туған жері – Айрықтағы Сәтбай әулеті қорымы – Бұқар жырау кесенесі» бағытындағы туристік маршрут бойынша төселетін жолдың жобасын жасау үшін жер бедерінің ерекшелігімен танысып қайтты.

Аталған туристік маршрут ҚР Сенатының депутаты, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Алтынбек Нухұлының бастамасымен жүзеге асырылады.

Қанат Сәрсенұлы жол жобасын жасау барысында су көп жиналатын өзектерге, өзендерге суағарлар, көпірлер қоюды басты назарда ұстау қажеттігін айтты.