Ағымдағы жылдың 16 қазан күні аудандық мониторингтік топпен елді-мекенде орналасқан сауда-саттық дүкендеріне

Ағымдағы жылдың 16 қазан күні аудандық мониторингтік топпен елді-мекенде орналасқан сауда-саттық дүкендеріне

Ағымдағы жылдың 16 қазан күні аудандық мониторингтік топпен елді-мекенде орналасқан сауда-саттық дүкендеріне, тамақтану орындарына мониторинг жүргізілді.

Аудандық мониторинг құрамына аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері және қызметкерлері, сонымен қатар аудандық маслихат депутаттары мен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері енген.

Іс-шараның түпкі мақсаты ауданда коронавирус індетін алдын алу және тұрғындар арасында ұжымдық иммунитетті нығайту. Мониторинг Инмарт, Нұрбол, Айша, Абай, Баянауыл, Айгерім, Әлия және Эльнар мен Баянтау тамақтану орындарын қамтыды.

Мониторинг барысында санитарлық талаптарды бұзушылық фактілері анықталмады. Жергілікті әкімшілік тарапынан мониторинг жұмысы күнделікті жүргізілетін болады.