Павлодарлық кәсіпкерлерді «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысуға шақырамыз

Павлодарлық кәсіпкерлерді «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысуға шақырамыз

2021 жылғы 10 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына өтінімдерді қабылдау басталды.

Павлодар облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Олег Крук Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы ұйымның өнім және/немесе қызметтер сапасы саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудағы тиімділігі, жоғары әдістерін енгізгені үшін байқау негізде ұсынылады деп мәлімдеді.

«Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда) айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады. Байқауға мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар қатыса алмайды», - деді Олег Крук.

Сыйлық үш санатта (шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі) және келесі номинациялар бойынша беріледі:

1) «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын»;

2) «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын»;

3) «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын»;

4) «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».

Сонымен қатар, байқауда «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары тағайындалады.

Байқауға қатысушылар алдыңғы үш жыл ішінде шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын көрсетуі тиіс.

«Атамекен» өңірлік Палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Әмір Байысов байқау төрт кезеңде өткізілетінің және келесі негізгі кезеңдерден тұратындығын атап өтті.

1.Өтінімдерді 2020 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде электронды түрде www.altynsapa.kz сайтында немесе Өңірлік кәсіпкерлер Палатасына тапсыру қажет. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап өтінімдерді қабылдау жабылады!

2. ҰКП сараптамалық тобының алдын ала бағалау жүргізуі және 40 финалисті анықтауы (тамыз- қыркүйек ).

3. Сараптамалық топ кәсіпорындарға барып, байқаудың финалистеріне бағалайды.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі Комиссияның отырысы (қараша).

«Байқауға қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер материалдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесіне» сәйкес Өңірлік кәсіпкерлер Палатасына 1 шілдеге дейінгі мерзімде ресімдеп, тапсыруы тиіс. Сыйлық лауреаттарына тиісті диплом, конкурс эмблемасы және 450 айлық есептік көрсеткіш ақшалай сыйақы беріледі. Лауреаттар төрт жыл бойы «Алтын сапа» байқауының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады», - деп атап өтті Әмір Байысов.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы – отандық өнімнің сапасын арттыруға және Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметін жандандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Конкурс мынадай үш номинация бойынша жүргізіледі:

1) «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

2) «Халыққа арналған үздік тауарлар»;

3) «Үздік азық-түлік тауарлары».

Әр номинацияда үш жеңімпаз айқындалады.

«Қазақстанның үздік тауары» көме-байқауы бір жыл бойы өткізіліп, төрт кезеңде жүзеге асырылады.

1. Өтінімді «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсының өткізілуіне кемінде 10 күн қалған мерзімде www.altynsapa.kz сайтында және өңірлік кәсіпкерлер Палатасына ұсыну қажет.

Өңірлік көрменің өткізілу кестесі Павлодар облысының әкімдігімен келісе отырып жасалады және www.altynsapa.kz сайтында жарияланады.

Байқауға қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер материалдарын Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысымен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-байқауларына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі» сәйкес толтырып, Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16 мекен-жайы бойынша өңірлік кәсіпкерлер Палатасына ұсынады (www.altynsapa.kz сайтында жарияланған).

Өңірлік көрмеге қатысу байқауға одан әрі қатысудың міндетті шарты болып табылады. Өңірлік байқаулардың 9 жеңімпазы ғана «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

2. Нұр-Сұлтан қаласында республикалық көрме-байқаудың өткізілуі (қазан). Көрме нәтижесі бойынша ҰКП сараптамалық тобы үш номинация бойынша 27 финалисті анықтайды.

3. Үшінші кезеңде 27 финалист (15-25 қазан аралығында) онлайн-дауыс беруге қатысады.

4. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанты атағын беру жөніндегі Комиссияның байқаудың 9 қатысушысына «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломаты атағын беру туралы шешім қабылдау отырысы (қараша).

Байқау дипломанттарына диплом мен байқау эмблемасы тапсырылады. Дипломанттар төрт жыл бойы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

Байқаулардың әлеуетті қатысушыларының консультация ретінде www.altynsapa.kz сайтында байқауларды өткізу тәртібі және байқаулардың материалдарын ресімдеу ережелері бойынша бейне сабақтар жарияланған.

ӨКП базасында тегін оқыту семинарлары өткізілген жағдайда семинарларды өткізу кестесі байқаулардың сайтында хабарланады.

«Құрметті кәсіпкерлер, сапа саласындағы байқауларға қатысып, бақтарыңызды сынауға шақырамыз. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен салтанатты рәсімде өткізіледі. Толық ақпарат алу үшін әлеуметтік желілердегі Алтын сапа ресми парақшаларына және сайт www.altynsapa.kz жаңалықтарына жазылыңыз. Байланыс телефоны: 8 (7182) 65-44-12 (ішкі 5523, 5552)», - деп атап өтті Олег Крук.